367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2017 жыл бойынша ауасы ластанған Қазақстан қалаларының тізімі жарияланды

  • 843
  • UPD: 23:30, 13.02.2018
2017 жыл бойынша ауасы ластанған Қазақстан қалаларының тізімі жарияланды Фото: vozdyx.ru

ҚР Энергетика министрлігі «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2017 жылғы экологиялық мониторингтің қорытындысын шығарды.

Бір жыл ішінде 49 елді мекенде мониторинг жүргізілді, олардың 32 елді мекені ластанудың төменгі деңгейіне, 10 елді мекен ауа ластануы деңгейінің орташа класына және 7 елді мекен ауа ластануы деңгейінің жоғары класына жатқызылды.

Ластанудың жоғары деңгейдегі қалалары: Жезқазған, Қаратау, Қарағанды, Шымкент, Теміртау, Өскемен және Глубокое кенті.

Ластанудың орташа деңгейіндегі қалалар: Астана, Алматы, Ақтөбе, Жаңатас, Семей, Риддер, Тараз, Ақтау, Балқаш, Шу.

Ластанудың төменгі деңгейіндегі қалалар: Степногор, Ақсай, Арқалык, Жітіқара, Зырянов, Кентау, Лисаковск, Рудный, Саран, Қостанай, Түркістан, Орал, Көкшетау, Атырау, Петропавл, Ақсу, Қызылорда, Павлодар, Жаңаөзен, Құлсары, Екібастұз, Талдықорган қалалары және Березовка, Бейнеу, Ақай, Төретам, Қордай, Сарыбұлақ, Январцево, Қарабалық кенттері, «Бурабай» КФМС мен Щучинск-Бурабай курорттық аймағы.

2016 жылмен салыстырғанда атмосфералық ауа ластануының деңгейі Алматы, Астана, Қызылорда, Балқаш және Бейнеу мен Ақай ауылдарында төмендеген.

Ақтау, Қаратау, Өскемен және Глубокое кентінде атмосфералық ауа ластануының деңгейі 2016 жылмен салыстырғанда өскен.

Басқа елді мекендерде ластану деңгейі 2016 жылғы көрсеткішпен қалды.

Осы категория бойынша: « Сүт фермасын ашқан солтүстікқазақстандық шаруа Голландиядан 99 бас ірі қара әкелді «ҚТЖ» көктемгі сел тасқынына әзірлігін бастады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы