374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында 141 шақырымдық жол жөнделеді

  • 326
  • UPD: 11:10, 14.02.2018
Алматы облысында 141 шақырымдық жол жөнделеді

Балқаш көлінің Алматы облысындағы демалыс аймағына келетін тынығушылар үшін қолайлы жағдайлар туғызылмақ.

Атап айтқанда, Молалы-Лепсі аралығындағы 141 шақырымдық жол толықтай жөндеуден өткізіледі. Оған 13 миллиард теңге жұмсалмақ. Жолдың ені бұрынғыдан кеңейтіледі, кейбір жерлерге автотұрақ орнатылады. Қазір құрылыстың жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп болды. Жұмыстар көктем шыға басталады. Оның алғашқы кезегіне 1,5 миллиард теңге бөлінді. «Облыстық маңызы бар жолдың жөндеуден өткізілуі аймақтағы туризмнің дамуына айтарлықтай ықпал етеді», – дейді мамандар.

Ғалымжан Дәрібаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

- Сонымен қатар Еңбекшіқазақ ауданындағы Шарын шатқалына баратын автомобиль жолына жобалау-сметалық құжаттама әзірленген. Ол жерге 11 шақырым. 11 шақырымға биыл облыстық бюджеттен 500 миллион теңге қаражат бөлінді. Жұмыстары басталады.

Осы категория бойынша: « 14 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады Инвесторлар Екібастұз әуежайын жөндеуден өткізеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы