367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Черногория Қазақстан азаматын экстрадициялады

  • 258
  • UPD: 13:39, 14.02.2018
Черногория Қазақстан азаматын экстрадициялады

Бүгін Бас прокуратура және Қазақстанның ІІМ Интерполының қызметкерлері Черногориядан қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Александр Лясотаны экстрадициялады.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Бас прокуратураның Солтүстік Қазақстан облысы ІІД іздестіріп жүрген адамын беру туралы тиісті сұрауын Черногорияның Әділет министрлігі қанағаттандырды.

Ұсталған адамға 2016 жылы Петропавл қаласында азаматтарға қатысты күш қолдана отырып, қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзды деген күдік келтірілген.

Қылмыстарды жасағаннан кейін Лясота қылмыстық қудалау органынан жасырынып қалды, осыған байланысты халықаралық іздестіру жарияланды.

Өткен жылғы тамызда Лясотаны Тиват қаласындағы әуежайда Черногория Интерполының қызметкерлері ұстаған.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына орналастырылды.

 

Осы категория бойынша: « Петропавлда «Нұрлы жер» бойынша 221 жер үй салынады Өскеменде спортшы-құтқарушылар сайысы өтіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы