374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде спортшы-құтқарушылар сайысы өтіп жатыр

  • 279
  • UPD: 14:02, 14.02.2018

Өскеменде өрт сөндіру-құтқару спортынан республикалық чемпионат басталды.

Шараға еліміздің әр аймағынан келген 600 құтқарушы қатысып жатыр. Командалар шапшаңдылығы мен ептілігі жағынан өзінің қарым-қабілетін көрсетуі тиіс.

Құтқарушы – абыройлы міндет. Республикалық чемпионатқа қатысушылар мұны дәлелдеп отыр. Олар өз қызметтерімен міндеттеріне адалдық танытып, қиын сәтте тосылмайтындарын көрсетуде. 

Сайыс талаптары да оңай емес. Спортшы-құтқарушылар бірер сәтте екі метрге жуық кедергілерді еңсеріп, 12 секунд ішінде өрт баспалдағын орнатып үлгеруі тиіс. Ал жалынға су себу құбырын жинауға тіпті аз уақыт бөлінген екен. Құтқарушылар ең алдымен адам шығынын болдырмауға тырысулары керек. Сондықтан олар шапшаңдылық пен қырағылық қасиетін барынша көрсету үстінде.

Естеріңізге сала кетейік, чемпионат жеңімпаздары Словакияда өтетін әлемдік додаға жолдама алады. Демек жазда жерлестеріміз үшін жанкүйер боламыз.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Осы категория бойынша: « Черногория Қазақстан азаматын экстрадициялады «Есіл» ауданының әкімі қызметіне Төлеген Закарьянов тағайындалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы