364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» – «Спортинг» матчы кезінде жол қозғалысы қалай ұйымдастырылады?

  • 324
  • UPD: 15:01, 14.02.2018
«Астана» – «Спортинг» матчы кезінде жол қозғалысы қалай ұйымдастырылады? astana.gov.kz

Астана қаласы Ішкі істер департаменті 15 ақпанда өтетін «Астана» – «Спортинг» матч кезіндегі жол қозғалысының ұйымдастырылуы туралы хабарлайды.

«Астана Арена» стадионында «Астана» мен «Спортинг» (Португалия) клубтары арасындағы футбол матчы кезінде Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасымен, «Астана LRT» ЖШС-мен бірлесіп, жанкүйерлерді 4 тұрақтан жинап, стадионға жеткізуді ұйымдастыратын болады:

  1. «Қазақстан» СК
  2. Астана қаласының циркі
  3. «Жастар» сарайы (Республика даңғылы)
  4. «Нұр-Астана» мешітінің тұрағы.

Матчтан кейін жанкүйерлер осы автобустармен қалаға жеткізілетін болады. Көрермен автобусқа стадионның оңтүстік-шығыс жағынанотырғызылатын болады. Сондай-ақ, азаматтар қалаға бағдарлы автобустарда да жете алады.

Стадион маңындағы көшелерде көліктердің көптеп ағылуына байланысты, матчқа келетін жеке көлік жүргізушілеріне Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының бойымен жүргенде өз қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға және көліктерді «Алау» спорт кешенінің тұрақтарында (Қабанбай батыр даңғылы жағынан), «Барыс арена» спорт кешенінің тұрақтарында (Тұран даңғылы жағынан), орын жоқ болған жағдайда «Астана Арена» стадионының тұрақтарында қалдыруға кеңес беріледі. Сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Тұран даңғылында уақытша жаяу жүргіншілер өткелі ұйымдастырылатын болады.

15 ақпанда матч кезінде сағат 21:00-ден 00:00-ге дейін Қабанбай даңғылы мен Тұран даңғылдарында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады.

«Сарыарқа» спорт кешені, «Барыс арена» стадионы, «Алау» мұз сарайы маңындағы учаскелерде, Тұран, Қабанбай батыр даңғылдарының жүретін бөліктерінің бойында көліктерді қалдыруға тыйым салынатын болады.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Осы категория бойынша: « «Есіл» ауданының әкімі қызметіне Төлеген Закарьянов тағайындалды Сыр өңірінде сең жүруі мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы