369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

  • 499
  • UPD: 18:06, 14.02.2018

Жамбыл облысында да көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Ол үшін өңірдегі өзендердің жағалаулары күшейтіліп, су қоймалары жіті бақылауға алынды. Жыл сайын Талас және Аса өзендері  Тараз бен облыс орталығы маңындағы бірнеше аудан тұрғындарының мазасын қашырады. Тасыған су үйлердің ауласына кіріп, бау-бақшаны басып қалады. Сол себепті Таластың 10 шақырымдай жағалауын дұрыстап бекіту көзделіп отыр. Қазіргі таңда бұл іске қажетті қаражат бөлу мәселесі шешімін күтуде. Өзен-көлдермен қатар аймақтағы су қоймаларының жағдайына да бақылау күшейді. 

Айдар Асамбеков, «Жамбыл су қоймалары» мекемесінің директоры:

- Күн жылығалы бері елдімекендер және инженерлік гидроқұрылымдарды тасқын судан сақтап қалу мақсатында қазір тәуліктік бақылау жүргізілуде. Аудан әкімдіктерімен, төтенше жағдай департаментімен қарым-қатынаста бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы