387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде бірқатар өндіріс орны цифрлық форматқа көшеді

  • 927
  • UPD: 21:59, 14.02.2018

Еліміз бойынша 7 компания Индустрия 4.0 технологиясын өндіріске енгізіп, автоматтандырылған жүйеге көшеді. Инвестициялар және даму министрлігі өкілдерінің айтуынша, оның бірқатары серпінді жоба ретінде жүзеге асырылып жатыр.

Мәселен, Кентау трансформатор зауыты мен Алматы желдеткіш зауытында технологиялық жаңару үдерісі жүріп жатыр. «Химфарм», «Еуразиан Фудс», «Қазақмыс» және «Қазхром» кәсіпорындары да  өнімділікті арттып дайын тауар бағасын төмендетуді көздейді. Сарапшылардың айтуынша, бұл компаниялар цифрландыру көшін бастайды. Қазіргі уақытта Қазақстандағы өндіріс орындарының бірқатары цифрлық форматқа өтуге дайындалып жатыр. 

Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары: 

- Бүгінде өңдеуші кәсіпорындардың 20 пайызы цифрлық технологияны енгізе алады. Олардың  мүмкіндігі жетеді. Сонымен қатар, тағы ірі 14 кәсіпорынмен осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Өндіріске жаңа технологияның келуі саладағы мәдениеттін арттырумен қатар талай түйткілді мәселені шешеді деген ойдамыз. Бастысы, өнімділік басымдыққа ие болады.

Хабар 24 телеарнасы