388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


24-25 ақпанда Astana Innovations Challenge байқауы өтеді

  • 481
  • UPD: 08:02, 15.02.2018

Елорданы «ақылды қалаға» айналдырар қадам.

Ақпанның 24-25 аралығында Astana Innovations Challenge стартап-жобалар байқауы өтеді.

Онда еліміздің IT мамандары бас қосып, цифрлық болашақ пен халықты ақпараттандыру мәселелерін талқылайды. Жас инноваторлар онда Астанадағы қоғамдық көлік қызметін қадағалайтын жаңа жүйенің жобасын ұсынуы тиіс. Байқау қорытындысы бойынша ең үздік 3 жұмыс іріктеліп, жүлдеге тігілген 1 млн теңгені өзара бөліседі.

Айта кетейік, өткен жылы да осындай дода ұйымдастырылып, ондағы іріктеліп алынған 10 жоба сәтімен жүзеге асты.

Олжас Сартаев, Аstana Innovations АҚ басқарма төрағасы:

– Дарынды инноваторлар Мәскеу қаласына барып, «Сколково» қорының қызметкерлерінен дәріс алады. Бұл өз кезегінде өнертапқыштарға халықаралық деңгейдегі әріптестерімен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы