386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерландта 18 жасқа толғандар ішкі орган донорларының тізіміне енуі мүмкін

  • 558
  • UPD: 09:46, 15.02.2018
Нидерландта 18 жасқа толғандар ішкі орган донорларының тізіміне енуі мүмкін

Нидерланд 18 жасқа толғандарды ішкі орган донорлары тізіміне енгізбек.

Бұл туралы «Рейтер» ақпарат агенттігі хабарлады. Заң жобасын парламенттің жоғарғы палатасы қабылдаған. Алдымен азаматтарға қайтыс болғаннан кейін өз мүшелерін мемлекетке тапсырудан бас тартуға мүмкіндік беретін хабарлама жіберіледі. Егер хат алушы оған жауап қайтармаса, ол автоматты түрде донорлыққа келісім берді деп тізімге енгізіледі. Бірақ одан кез келген уақытта бас тартуға болады. Құжаттың мақсаты – донорлық статусты алдын ала білу.

Естеріңізге сала кетейік, Нидерланд жоғарғы палатасы бұл заң жобасын өткен жылдың қыркүйек айында мақұлдаған. Алайда ол кезде бұл бастама сынға ұшыраған еді.

Энки Броекерс-Кнол, сенат президенті:

– Ұсынылған бұл заңды қолдап, Сенаттың 38 мүшесі дауыс берсе, 36-сы қарсы шықты. Яғни заң жобасы қабылданды дегенді білдіреді.

Хабар 24 телеарнасы