386,68 428,91 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жаңа ықшамаудан пайда болмақ

  • 473
  • UPD: 12:15, 15.02.2018

Петропавлда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жаңа ықшамаудан бой көтеріп келеді.

Биыл қала іргесіндегі Солнечный кентінде 211 жер үй салынып, жер кезегінде тұрған азаматтарға берілмек. Бұл жер жазық дала еді. Былтыр ел қазынасынан 1 млрд 300 млн теңге бөлініп, Солнечный кентіне су, жол, жарық тартылды. Ал қыркүйек айында алғашқы 72 жер үйдің іргетасы қаланды.

Бір бригада бір үйді бір айда салып бітіреді. Баспаналардың барлығы осындай болады. Бұл – үлгі ретінде бой көтерген бірінші үй. Тұрғын үйлердің құрылысына «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 600 млн теңгедей қаржы қарастырылған. Қазір мұнда 17 бригада қызу жұмыс істеп жатыр.

Дмитрий Женченко, мердігер ұйымының директоры:

– Құрылыс матетиалдары негізінен Қазақстанда жасалған. Бір бөлігін Рессейден алып келіп жатырмыз. Барлығы сапалы. Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр.

Бұл жер болашақта үлкен бір ықшамауданға айналады. Солнечный кентінде алдағы 3 жылда 2 мыңнан астам жер үй салынады. Олардың барлығы жер кезегінде тұрған тұрғындарға беріледі.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Бүгінгі күні 72 үйдің құрылысы басталып кетті. Тағы 139 үйдің құрылысы басталайын деп жатыр. Бұл жерде 2 қабатты танхаус үйлер де салынатын болады. Жалпы 3 жылдың ішінде 2 мыңнан аса үй салынатын болады. Және де бұл жерде жаңа мектеп және балаларға арналған шағын орталық ашылатын болады.

Сонымен бірге биыл қалада «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 11 көп қабатты тұрғын үй салынып, 1 жарым мың отбасы баспаналы болады.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Руслан Әлиев, Дмитрий Рура

Хабар 24 телеарнасы