384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада 2 көпқабатты үйде болған газ жарылысының себебі анықталды

  • 755
  • UPD: 13:25, 15.02.2018

Қызылордада екі бірдей көпқабатты үйдегі газ жарылысына не себеп болғаны анықталды.

«ҚазТрансГазАймақ» компаниясының Қызылорда өндірістік филиалы өкілдерінің хабарлауынша, кеше түскі уақытта екінші автоматтандырылған газ тарату станциясынан кейінгі жалғанған құбыр ажырап кеткен. Сөйтіп қаланы көгілдір отынмен қамтуда қиындықтар туындаған. Ірі коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар балама отын көзіне көшірілді. Газ мамандарының шұғыл әрекет етуі арқасында маңызды әлеуметтік нысандар мен жеке үйлердегі тұтынушылардың басым көпшілігі газбен толық қамтылған. Апат болған сәтте қала ішіндегі бірнеше газ тарату пункті өз жұмысын тоқтатты. Қазір 1 мың 300 абонент газсыз отыр. Газды қайта қосу жұмыстары аяқталуға жақын.

Еске сала кетейік, кеше кешкісін қаладағы Тайманов көшесінде екі үйде газ жарылғаны туралы хабарлаған едік. Оқыс оқиға кезінде күйік шалған бір адамның жағдайы қалыпты. Осыған байланысты арнаулы комиссия тексеріс жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, кеше кешкісін қаладағы Тайманов көшесінде екі үйде газ жарылғаны туралы хабарлаған едік. Оқыс оқиға кезінде 25 жастағы бойжеткеннің денесін күйік шалған. Қазір жағдайы қалыпты. Ал құбырдағы ақауға байланысты арнайы комиссия тексеріс жүргізіп жатыр.

Бауыржан Сәтмағанбетов, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары:

– Не үшін ол жақтан сынды, не үшін басқа басқа жақтан сынған жоқ? Оның бәрін шешетін комиссия. Өйткені, өздеріңіз білесіздер, қаңтар айында қатты суық болды ғой. Ол шыдаған, қазір көріп жатырмыз, не себепті болғанын. АГРС-2-де отырған оператордың жұмысына қарадық, оның журналы бар, бәрін қарадық ол режиммен ұстап отырған. Сосын комиссияның шешімін, жұмыстың шешімін тағы да қосымша айтатын боламыз.

Медет Усаин, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

– Балкондары қираған. Соның бәрін қайтадан орнына келтіріп, қазандықтарын қайтадан қалпына келтіріледі Осындай көмек көрсетілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы