389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлықтар мобильді қосымша арқылы дәрігер қабылдауына жазыла алады

  • 835
  • UPD: 13:31, 15.02.2018

Қостанай облысының медициналық мекемелерінде «Қағазсыз аурухана» жобасы жүзеге асырыла бастады.

Саланы цифрландырудың бұл кезеңі әзірге сынақ түрінде енгізілген. Жоба аясында кешенді медициналық ақпараттық жүйе құрылады. Оның көмегімен кез келген адам мобильді қосымша арқылы дәрігердің қабылдауына жазыла алады. Алдағы уақытта бұл жүйеге басқа да қызмет түрлері қосылады. Мысалы, сырқатқа берілетін анықтама, дәрі-дәрмек рецепті электрондық үлгіге көшіріледі. Сондай-ақ онлайн жүйесі арқылы зертханалық талдау нәтижелерін алуға болады. Әзірге «Қағазсыз аурухана» жобасымен өңірдегі 40 медициналық мекеме қамтылған.

Абат Жауков, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Қостанай облысындағы 511 денсаулық сақтау нысандарының тек 164-і кең жолақты интернетпен қамтылған. Өте аз көлем, небары 32 пайыз. Ауылдық медициналық орындарда интернет мүлдем жоқ десе болады. Бұл мақсатқа биыл 400 миллион теңгеден астам қаржы бөлінеді. Енді ғаламтормен қамту жұмысы қарқын ала түседі деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы