388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы пікірі: Білім сапасын көтеру – ел болашағына салынған баға жетпес инвестиция

  • 730
  • UPD: 13:33, 15.02.2018
Сарапшы пікірі: Білім сапасын көтеру – ел болашағына салынған баға жетпес инвестиция

Адами капиталды дамыту – Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы маңызды бөлігі.

Бұл – неміс саясаттанушысы, Берлин еркін университетінің профессоры Маттиас Дорнфельдттің пікірі. Оның айтуынша, білім сапасын көтеру – елдің болашағына салынған баға жетпес инвестиция.

Маттиас Дорнфельдт, саясаттанушы:

Мен Президенттің Жолдауын аса қызығушылықпен оқыдым. Мемлекетті жаңғырту, жемқорлықпен күрес сынды маңызды тапсырмалар да алға қойылған. Ал жетінші тарауға ерекше басымдық берілген. Онда білім стандартының сапасын арттыру көзделген. Міне адами капитал деген осы. Олар үшін барлық есік ашық. Әлемнің кез келген елімен бәсекеге түсе алады. Сондай-ақ дигитализация да бүгінгі заманның өзекті тақырыбы. Мәселен, жасанды ақыл, роботтандыру бағыттары бойынша білікті мамандар қажет. Сол себепті сапалы білімнің рөлі маңызды екені айтпаса да түсінікті.

Хабар 24 телеарнасы