389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана әкімдігі «Expo Towers» ТК мәселесін жылу маусымы біткенше шешеді

  • 494
  • UPD: 17:20, 15.02.2018
Астана әкімдігі «Expo Towers» ТК мәселесін жылу маусымы біткенше шешеді astana.gov.kz

Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун халықпен есептік кездесуінде «Expo Towers» тұрғындары тап болған ахуалға түсініктеме берді.

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

С.Хорошун «Expo Towers» тұрғын үй кешені мәселесін жылу маусымы аяқталғанша шешетініне уәде берді.

«Expo Towers» жаңа үйіндегі қат-қабат мәселе жыл бойы тұрғындардың мазасын алып келген. Атап айтқанда, бітпей қалған кіреберіс, қисық қаланған қабырғалар, дизель-генератор қондырғылары мен жұмыс істемей тұрған автоматты түрдегі өрт сөндіру жүйесі, ағындық желдету паркингі, бейнебақылау камерасының жоқтығы. Кешеннің тұрғындары о баста қымбат тұратын жапондық лифті қарастырылғанын, бірақ іс жүзінде қытайдың өндірісі орнатылғанын айтты. Осы аталған проблемалар қашан реттеледі», – деп сұрады журналистердің бірі.

Сергей Хорошун соңғы үш айда осы сұрақ бойынша бастамашыл топпен үш рет кездескенін айтты. Кездесудің нәтижесінде жөнделуі тиіс ескертпелердің тізімі жасалған.

«Соңғы кездесу өткен сәрсенбіде «Нұр Отан» партиясында өтті. Ескертпелердің тізімін МСҚБ, түрғын үй инспекциясы мен сәулет құрастырып шықты. Сіз айтқан ескертпелердің бәрі расында ол жерде бар, мердігер оларды реттеп, жөндеуге кірісіп кетті», – деді С.Хорошун сұраққа жауап беріп.

Ол мұндай жағдайда әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершіліктің де барын айта кетті. Сергей Хорошун «Expo Towers» ТК қатысты айтылған ескертпелердің біразын жақын арада жөнге келтіретініне уәде берді.

«Менің ойымша, кемі бір ай. Ал кейбір ескертпелерді жылу маусымы аяқталғанша аяқтауға болады. Яғни сәуір мен мамырдың бас жағы. Мердігер оны жасауы міндетті. Біз ретке келтіру үшін барлық шараны қолданамыз. Егер олар орындамаса біз мәжбүрлеп орындату туралы талап-арыз беріп, сотта атқармағаны үшін қылмыстық іс қозғаймыз. Бұған менің ойымша ешкім мүдделі емес», – деді әкімнің орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін бас қалада Астана әкімі орынбасарларының халықпен есептік кездесуі басталды. Ол 21 ақпанға дейін созылады. Кездесу кестесімен мына жерден танысуға болады.

Хабар 24 телеарнасы