387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан интернетті қолданудан 137 ел арасынан 36-орынға көтерілді

  • 691
  • UPD: 14:32, 16.02.2018

Қазақстан 2017 жылы интернет тұтынушылардың саны бойынша 137 елдің арасында 36-орынға көтерілді. Бұл содан бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 саты жоғары.

Бұл туралы бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды.

Министрлік жетекшісі Дәурен Абаевтың айтуынша, елімізде бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2016 жылы халықтың 73 пайызында интернетті пайдалану мүмкіндігі болса, былтыр бұл сан тағы 4 пайызға артқан.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

- 2017 жылдың соңындағы мәліметтер бойынша жоғары жылдамдықты 4G интернет желісімен 50 мыңнан астам тұрғыны бар барлық елді мекендер және аудан орталықтары қамтылды. Осы жылы министрлік «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерінде  талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы» жобасын жүзеге асыруды қолға алып отыр. Жоба 2020 жылға дейін жүзеге асырылады және 1249 ауылдық жерді қамтиды.

Хабар 24 телеарнасы