386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ескі автобустарды қолдануға тыйым салынуы мүмкін

  • 440
  • UPD: 22:06, 16.02.2018

Пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан автобустарды қолдануға тыйым салу керек.

Еліміздің Ішкі істер министрлігі Сенат депутаттарына осындай ұсыныс білдірді. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеханың айтуынша, бұл пікірді Инвестициялар және даму министрлігі де қолдап отыр. «Бүгінде Қазақстанда 90 мыңнан астам жолаушылар көлігі тіркелген. Оның 24 мыңы 20 жылдан артық пайдаланып келеді. Демек ескірген мұндай көліктер жол-көлік оқиғасын туындатуы әбден ықтимал», – дейді тәртіп сақшылары.

Жалпы елімізде жыл сайын 3 мың адам жол апатынан қаза болады. Еуропалық сарапшылардың пайымына сүйенсек, жол-көлік апатындағы адам өлімі бойынша Қазақстан 50 елдің ішінде бірінші орында тұр. Егер Кәрі құрлық елдерінде 100 мың адамға шаққанда 3-4 кісі апаттан көз жұмса, еліміздегі бұл көрсеткіш 13-ке дейін жетеді.

Игорь Лепеха, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

Ескі автобустарды пайдалануға заңмен тыйым салу керек. Инвестициялар және даму министрлігі бұл мәселе бойынша бізді толық қолдап отыр. Жүк көліктеріне де қатысты осындай шара қабылдау қажет. Бұлардың бәрі тозығы жеткен көліктер. Ал жол ережесін елемей, оны ұдайы бұзатын осындай көліктердің жүргізушілерінен лицензияларын алып қойған жөн болар еді.

Хабар 24 телеарнасы