386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Виталий Пухкало: Қанша еңбектенсек те, еңсе тіктей алмадық

  • 506
  • UPD: 22:18, 16.02.2018
Виталий Пухкало: Қанша еңбектенсек те, еңсе тіктей алмадық Фото: Sports.kz

Альпенсиядағы шаңғышылар жарысында үш бірдей спортшымыз он бес шақырымдық бәсекеде бақ сынады.

Желі кетіп еді, Альпенсияда көктем лебі есті. Шаңғы аренасына келгендерді кілең жылылық қоршап алды. Сөйтсек...

Біз атаған Евгений мен Виталий ғана емес. Денис Волотко да елу тоғызыншы болып тіркелген. Тіркелген соң жарысқа шығады да... Әлгі екеуіне қайта ораламыз. Осы тұста Денистің өнеріне бір ауыз пікір білдірейік. Барынша ұмтылды. Бірақ биіктен тұрақ сайлай алмады. Бұйырғаны – 64-орын. Тым алыс дейсіз бе? Онда Евгений Величкоға оралайық. Бәсекеге он жетінші болып араласқан Величко жалпы есепте 61-орынды місе тұтты.

Евгений Величко, Қазақстан құрамасының мүшесі:

– Ауыр, өте ауыр соғып жатыр. Себебін білмеймін. Мүмкін қардың әсері, қаза берсең көп. Жүрмейді, осыны ғана айта аламын. Мамандар шаңғыны шама келгенше майлап та жатыр. Алда эстафета. Сол кезде тағы бір сынап көрерсіздер.

Виталий Пухкало сөреден он бірінші болып шықты, бір жарым шақырымның нәтижесі шыққаннан кейін-ақ оның да шамасы байқалды, өткенде қасымыздан құйындатып өте шыққан шаңғышы қос жерлесіне қарағанда оң нәтиже тіркеді. 54-орын.

Виталий Пухкало, Қазақстан құрамасының мүшесі:

Қайдан көңілің толады? Шаруамыз шатқаяқтап тұр. Қар да жұмсақ. Қанша еңбектенсек те, еңсе тіктей алмадық. Көреміз, мүмкін келесі қашықтықтарда жолымыз болар.

Үміт дүниесі ғой. Шынында да эстафета кезінде көсілер біздің жігіттер. Ал көсілудің не екенін Дарио Колонья көрсетті. Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы 33 минут 43,9 секунд уақыт нәтижесімен тағы да топ жарды. Дарио Колонья қатарынан үшінші Олимпиада ойындарында дәл осы қашықтықта чемпион атанды. Міне, кімнің корольдігінде жүрсің, Величко! Швейцария спортшысы Олимпиаданың төрт дүркін чемпионы! Аз табыс па? Екінші орын норвегиялық Симен Хегстад Крюгерге бұйырды. Ал,қола медаль скиатлонда біздің арнаға сұхбат берген сібірлік Денис Спицовқа бұйырды. Сол кезде айтып едік қой, болашағы жайында.

Авторлары: Амангелді Сейтханов, Ольга Лянь

Хабар 24 телеарнасы