384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда қоғамдық көлік жүргізушілерінің жауапкершілігі төмен

  • 656
  • UPD: 11:49, 17.02.2018

Оралда «Автобус» атты жедел алдын алу шарасы басталған 20 шақты күннің ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен 1,5 мыңдай әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Олардың қатарында аудандардан облыс орталығына жолаушы тасымалдайтын жеке таксилер мен газель автокөліктері де бар. Құқық бұзушылық деректерінің дені жылдамдықты арттырумен және жаяу жүргіншілерге жол бермеумен байланысты. Сонымен бірге желіде жүрген автобустары, талапқа сай болмай шыққан қаладағы жолаушы тасымалдау парктерінің 11 қызметкері әкімшілік жазаға тартылды. 13 автобус ақылы тұраққа қойылды.

Айта кету керек, былтыр өңірде қоғамдық көліктердің қатысуымен 17 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам қайтыс болған. Ал биыл автобус апаттарынан екі адам көз жұмды.

Гауһар Қарамеңова, облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы: 

- Автобустармен көптеген жұмыстар жүргізілді. Жергілікті полиция және әкімшілік полиция қызметінің аппарат қызметкерлерімен автобус парктеріне барып түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсетін шағымдардың көбі автобустардың жүргізушілері жылдамдықты шамадан тыс асырып айдайды дегенге саяды. Сосын автобустар аялдамаға тоқтаған кезде жолаушылардың түсіп болғанын күтпей жүріп кетеді. Сондай да жол апаттары тіркеліп отыр.    

Бақтығали Бақышев, қала тұрғыны:

- Автобустар созып келеді де айдайды, ал ішінде халық келе жатады. Жамандағанымыз емес, бірақ халық отырған соң өте мұқият, өте жауапкершілікпен жүру керек. 

Хабар 24 телеарнасы