384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Жолдауын Германия сарапшылары талқылады

  • 705
  • UPD: 11:22, 19.02.2018

Германияның үздік сарапшылары Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады. Елшіліктің ұйымдастырумен Берлинде өткен брифингке компания басшылары саясаткерлер, қаржыгерлер және қоғам қайраткерлері жиналды.

Қазақстанның Герман Федеративтік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Болат Нүсіпов,, қатысушыларды елдің басым бағыттарымен таныстырды. Еліміз отандық өндірісті цифрландырып, аграрлық саланы дамытуға және ақылды технологияларды енгізуге кірісіп жатыр. Қазақстан адами капиталдың дамуына үлкен назар аударатынын және баламалы энергия көздерінің үлесін 2030 жылға қарай 30 пайызға дейін арттыруды жоспарлап отырғанын айтты. Неміс сарапшылары бағдарламалық құжатты жоғары бағалады. Және Президенттің алға қойған 10 негізгі міндетінің жүзеге асуы әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруге сеп болатынын атап өтті. Кездесу барысында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуінің нәтижелері де талқыланды.

Анжела Лике, «Басқарушы мамандарды даярлау бағдарламалары» жобасының жетекшісі: 

- Біз Қазақстан Президентінің Жолдауын қолдаймыз және жоғары бағалаймыз. Елдің осындай даму стратегиясы  бар екендігі қатты қуантты. Басым бағыттардың қатарында - өндірісте энерготиімділікті арттыру, баламалы энергияны дамыту және ауылшаруашылығын жаңғырту бар. Бұл салалардың барлығында осы тапсырмаларды жүзеге асыра алатын кәсіби мамандар жұмыс істеуі тиіс. Бізде басқарушы мамандарды даярлау бағдарламасы бар. Өз тарапымыздан серіктестік орнатуға және оны нығайтуға дайынбыз.  

Джек Чесни, Қазақстан-Германия сауда қоғамдастығының директоры: 

- Қазақстан - тұрақты, сенімді, мықты мемлекет. Бейбіт саясатының арқасында танымал елге айналды. Менің ойымша, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Төрағалық қызметті сіздер табысты атқардыңыздар. Бұл өте жауапты тапсырма болды. Мен әлемдегі шиеленіске қарамастан, ядролық державалар ортақ келісімге келіп, Қазақстанның бастамасымен ядролық қарудан бас тартады деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы