389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақфильм» кішкентай Томиристің рөліне 3-10 жастағы қыздарға кастинг жариялады

  • 1929
  • UPD: 17:01, 20.02.2018
«Қазақфильм» кішкентай Томиристің рөліне 3-10 жастағы қыздарға кастинг жариялады

«Қазақфильм» киностудиясы «Томирис патшайым» тарихи картинасына 3 пен 10 жас аралығындағы қыздарға кастинг жариялады.

Қыздардың түр-әлпеті басты рөлді ойнайтын Альмира Тұрсынға ұқсауы тиіс. Талап бойынша қыздардың шашы сары, көздері жасыл болуы тиіс. 3-10 жас аралығындағы қыздар (түрі  ірі план (анфас және профиль), орта план және тұла бойы түсірілген, фильтрсіз және көзілдіріксіз түскен суреттерді поштаға жіберу қажет.

Сондай-ақ анкеталық: аты-жөні, туған жылы, бойы, салмағы, көзінің және шашының түсі, түсірілімдердегі тәжірибесі туралы ақпарат жіберу қажет. Кез-келген ұлт өкілі қатыса алады.

Фото және анкета casting_satai@mail.ru электронды адресі бойынша қабылданады. Қатысушы түсірілім тобының көңілінен шықса, олар байланысқа өздері шығады. Сондықтан телефон нөмірін көрсетуді ұмытпау қажет.

Хабар 24 телеарнасы