389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-да халықаралық көлік дәлізі тауар айналымын арттырды

  • 598
  • UPD: 11:38, 20.02.2018

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің Оңтүстік Қазақстан облысынан өтетін 480 шақырымының құрылысы аяқталуға жақын.

Қазіргі таңда Түлкібас ауданындағы жер асты жолын қоспағанда барлық учаске пайдалануға берілді. Себебі бұл маңда туннель қазу наурыз айынан қайта жанданады. Жыл соңында жұмыстар аяқталып, тапсырылуы тиіс. Облыста тауар айналымы мен жүк тасымалы жанданған. Ал күре жолдың бойынан кәсіп ашқан 400-ге жуық жергілікті кәсіпкер жолаушыларға қызмет көрсетіп жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында ішкі тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артқан. Мамандардың пайымдауынша, бұл 2 миллиард 756 миллион АҚШ доллорына тең. Әсіресе тақтайдай тегіс көлік дәлізі қолданысқа берілгелі кәсіпкерлердің саудасы қызған. Жергілікті 400-ден аса азамат күре жолдың бойынан табыс тауып отыр.

Тамара Әбдірахманова, кәсіпкер:

- «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистралінде алыс жолға шығатын жүргізушілерге жағдай жасап, шағын бекет ашып, соларға қызмет көрсетудеміз. Олар үшін алыс жолдан келгенде ыстық тамағымыз, жылы төсек орын, монша дайын тұрады.  

Автобанның құрылысы аяқталғалы жүк және жолаушылар тасымалы да облыста екі есеге өскен. Әрі жолдың қашықтығы да қысқарып отыр. Ал көрші мемлекеттермен сауда-саттық жайы оңтайлана түскен.

Батырхан Құрмансейіт, облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы:

- Бұл «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистралңнен ҚР, оның ішінде біздің облыс экономикасы табыстарға жетуі тиіс. Себебі бұл жаңа жол. Жаңа мүмкіндіктер алып келеді. Жол бойындағы көрсетілетін қызметтер шағын және орта бизнеске, жергілікті тұрғындарға жұмыс тауып беру тұрғысынан өте тиімді болады.

Магистраль бойынан қонақтар мен жолаушылар үшін 21 туристік нысан бой көтереді. Бұл нысандардың басым бөлігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынбақ. Ұлы Жібек жолын жалғастырған автодәліздің 480 шақырымы Оңтүстік Қазақстан өңіріне тиесілі.

Мұхит Ахметов, «Оңтүстікжоллаборатория» РМҚ жетекшісі:

- Қазіргі таңда Шымкент-Қызылорда бағыты бойынша 239 шақырым салынды. Шымкент-Ташкент бойынша 99 шақырым салынды. Ал Шымкент-Жамбыл бағыты бойынша бізде тоннель құрылысының әлі де жұмыстары болып жатыр.

Биылғы жылы көлік магистраліндегі жер асты және жер үсті өткелдері қолданысқа берілмек. Енді мұндағы жолдарда адамдардың жаяу қатынасы қауіпсіз болары анық. 

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов  

Хабар 24 телеарнасы