387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа қазақ әліпбиі сырттағы қазақтарды қуантты

  • 597
  • UPD: 09:41, 21.02.2018

Мемлекет басшысының «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын алыс және жақын шетелдердегі диаспора өкілдері де қуанышпен қарсы алды.

Еуропаға танымал қазақ дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Жәдік Шенолдың айтуынша, Қазақстанның мұндай қадамы сырттағы қандастарға да үлкен көмек болғалы тұр.

Жәдік Шенол, медицина ғылымдарының докторы:

– Болашақта бүкіл латын әрпі енгізілсе, сол бүкіл елімізге, елімізден сыртта жүрген диаспораға да өте үлкен көмек, оңай болады. Мысалы, осындағы диаспора да Қазақстанда болып жатқан жағдайларлан хабар болуы керек, сондай сұраныс бар. Өзіміздің тарихымызды оқуымыз керек. Тарихымызды қазір оқиық десек, сол Қазақстаннан кітап жіберсе, жазбаша деректердің барлығы кирилицца. Соның бәрін осындағы ағайындар түсіне алмайды. Олар түсіну үшін латын қарпі болса, өте оңай және керемет болатын еді.

Хабар 24 телеарнасы