381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Каспий медиа форумының таныстырылымы өтті

  • 743
  • UPD: 12:11, 23.05.2018
Алматыда Каспий медиа форумының таныстырылымы өтті

Бүгін Алматыдағы Ресей Федерациясының бас консулдығында Каспий медиа форумының таныстырылымы өтті.

Шараны жыл сайын өткізетін Астрахань облысының ресми делегациясы форумның мақсатымен таныстырып, Қазақстанның аймақтарындағы журналистер мен сарапшыларды төртінші медиа форумға қатысуға шақырды. Форум қыркүйек айында өтеді. Былтыр алқалы жиынға 300-ден аса сарапшы қатысып, Каспий маңындағы елдердің ресми және ашық түрде ақпарат алмасу мәселесін талқылаған болатын. Форум нәтижесінде бес елдің журналистері қызмет ететін Каспий редакциясы құрылды. Сондай-ақ тәжірибелі саясаткерлер, тарихшылар мен экономика, экология мен мәдениет саласындағы сарапшылардың басын біріктіретін Каспий клубы жұмысын бастады. 

Денис Афанасьев, Астрахань облысы халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар министрі:

- Мақсатымыз – қарым-қатынасты жолға қойып, контент алмасу, елімізде болып жатқан оқиғалар туралы шынайы ақпарат тарату. Форум жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдары арасында байланыс орнатуға күш салып келеді. Бұл сенімді ақпарат көзінен шынайы хабар алмасуға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы