385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузиядағы Қазақстан елшілігінде Елбасы Жолдауына байланысты брифинг өтті

  • 614
  • UPD: 16:16, 22.02.2018
Грузиядағы Қазақстан елшілігінде Елбасы Жолдауына байланысты брифинг өтті

Грузиядағы Қазақстанның іс бойынша сенімді өкілі Гүлмира Сұлтанәлі Қазақстан елшілігінде брифинг өткізді.

Журналистермен сұхбат барысында Сұлтанәлі Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы жолдауы жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат берді. Сонымен қатар ол биыл Қазақстан астанасының 20 жылдығы тойланатынын айтты. Осыған орай мерекелік іс-шараға қатысу үшін Грузия тарапынан ресми сапарлар жоспарланып отыр.

Гүльмира Сұлтанәли, Грузиядағы Қазақстанның іс бойынша сенімді өкілі:

– Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері туралы Елбасының Жолдауын грузин қоғамы үлкен қызығушылықпен қабылдады. Қазақстанның сыртқы саяси бастамалары мен экономикалық өсімі де Грузияда жоғары бағаланып отыр. Өткен жылы екі елдің өзара тауар айналымы ұлғайды. Екіжақты қарым-қатынастар да өз жемісін беріп келеді. Биылғы жылы Астанаға ресми сапарға бару мен ол жақта өтетін халықаралық іс-шараларға Грузияның қатысатынын жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы