387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде туберкулезді емдеу тиімділігі 87 пайызға жетті

  • 909
  • UPD: 13:36, 23.02.2018

24- ақпаннан бастап елімізде туберкулездің алдын алуға арналған бір айлық шара басталады.

Іс-шара аясында еліміздің барлық өңірлерінде ашық есік күндері өтеді. Кез келген азамат, оның ішінде еңбек мигранттары да дәрігерлерге тегін қаралып, заманауи медициналық құралдың көмегімен тексеруден өте алады. Ал шалғай аудандарда жылжымалы топ жұмыс істейді. Фтизиатрдың ақыл-кеңесін әлеуметтік желілер арқылы да алуға болады. Дәрігерлер туберкулезбен науқастанған адамның дер кезінде қаралса, емделетінін айтады. Соңғы 10 жылда елімізде туберкулезбен ауру көрсеткіші 2,4 есеге азайған. Профилактикалық айлық іс-шара 24 наурыз Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аяқталады.   

Мәлік Әденов, Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры:

- Туберкулез мәселесі тек туберкулезге шалдыққандар мен туберкулезбен айналысатын адамдардың ғана мәселесі, міндеті болмауы үшін осындай шаралар дүниежүзінде жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Денсаулық сақтау саласы ғана емес, әкімшілікпен қоян-қолтық жұмыс істейміз.    

Хабар 24 телеарнасы