381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында бірнеше жоба жүзеге асуда

  • 1079
  • UPD: 20:01, 23.02.2018

Оралда цифрландыру бағдарламасы аясында бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр.

Мәселен, 3 ай бұрын іске қосылған «Смарт Орал» орталығы арқылы азаматтар 600-ден астам мемлекеттік қызмет түрін пайдалана алады. Цифрлық технологиялар денсаулық сақтау, тұрғын үй коммуналдық саласында кеңінен енгізіліп, жұртшылық жаңа жобаның пайдасын сезіне бастады. Бұл саладағы оң үрдіс әсіресе автобустарда жолақыны онлайн төлеу, емханалардағы электронды кезек сияқты қызмет түрлерінен көрініс тауып отыр. Өңірде жұмыс сапарымен болған Ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары Қайрат Балықбаев цифрлық технологиялардың білім беру саласына енгізілу барысымен танысып, оң бағасын берді. Қаладағы политехникалық колледжде 700-дей студент, 30 шақты кәсіп түрін меңгеріп шығады. Оқу кабинеттері сұйық кристалды экрандармен және 3D модульдармен жабдықталған.

«Елбасының цифрландыру бойынша тапсырмасының өңірде нақты жүзеге асып жатқанының куәсі болдық. Жалпы мектептерді бейнеқондырғылармен қамту және кеңжолақты интернетті 2 жарым миллиондай ел тұрғынына қолжетімді ету – алдағы 2 жылдың еншісіндегі басты міндет», – дейді министрдің орынбасары.

Қайрат Балықбаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі:

– 2020 жылға дейін тұрғындарының саны 500-ден асатын ауылдық жерлердегі 1250 мектеп пен емдеу нысандарына, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерге жер астымен жүргізілетін интернет желілерін жеткізуді көздейміз. Осы тізімде Батыс Қазақстан облысынан да 100 шақты білім ошағы бар.

Серік Иманғалиев, колледж оқытушысы:

– Бұл – интерактивтік модуль. Соңғы технология бойынша мұнда балаларға 3D принтері бойынша автокөліктің барлық бөлшектері көрсетіледі. Басқару әдісін мышкамен де, қолмен де, арнайы планшетпен де басқаруға болады.

Хабар 24 телеарнасы