385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» олимпиаданың жабылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді

  • 1293
  • UPD: 09:41, 26.02.2018
«Хабар» олимпиаданың жабылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді

Олимпиаданың жабылу салтанаты ертең сағат 17:00-де «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

ХХІІІ ақ олимпиаданы ұйымдастырушылар бұл кеште дәстүрлі және заманауи мәдениетті бір арнада тоғыстырады. Сонымен қатар керемет шоу бағдарлама да жоспарланған. Ал Олимпиада жалауы келесі қысқы ойындарын өткізуші Бейжіңге табысталады. Көпжылдық дәстүр бойынша жабылу салтанатында шаңғы марафонының жеңімпаздары марапатталады.

Жалпы, 9-25 ақпан аралығында «Хабар» арнасы Олимпиада ойындарынан 100-ден аса қосылым жасаған. Пхенчханға арнайы барған тілшілеріміз күн сайын тікелей эфирге шығып, репортаждар дайындап, олимпиадалық көңіл-күйді тамаша жеткізе білді. Олимпиада үшін ашылған khabar.kz/olympic сайтына 800-ден аса қызықты және эксклюзивті материал салынды. Төрткүл дүние көз тіккен доданың жабылу салтанатын Қазақстан халқы Жандос Айтбай және Асқат Жақаевтың комментаторлығында тамашалайды.

Жандос Айтбай, спорт комментаторы:

- Мысалы, ашылу рәсімінде спортшылар қобалжу күйінде болады. Жарыс әлі басталған жоқ қой. Ал жабылуында арқадан ауыр жүк түсті, қимастық сезім болады. Жанкүйерлерде болсын. Сондықтан да осы жолы жабылу рәсімінде ұйымдастырушы ел тағы бір кереметтерін, тосын жаңалықтарын көрсетеді деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы