385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британдық сарапшы Елбасы жолдауына қатысты пікір білдірді

  • 541
  • UPD: 21:12, 24.02.2018
Британдық сарапшы Елбасы жолдауына қатысты пікір білдірді

Стратегиялар бойынша британиялық кеңесші Афзал Амин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауы туралы өз пікірімен бөлісті.

Сарапшының пайымдауынша, қазақстандықтар біртұтас ұлт болу арқылы төртінші өнеркәсіптік революция жолында биік белестерді бағындыра алады.

Афзал Амин, Халықаралық шиеленістер және үкіметтер тұрақтылығы бойынша кеңесші:

- Президент жолдауын оқи отырып, бірнеше жайт менің көзімді ашты. Біріншіден, бұл жолдау Президенттің Қазақстан туралы ойлай отырып, оны дамыған елдермен терезесі тең мемлекет ретінде көргісі келетіндігін көрсетеді. Және бұл, әрине, ел мен оның азаматтарына пайда әкелетіндігі күмәнсіз. Екіншіден, экономика игілігі үшін әлемнің озық тәжірибелері мен технологияларын іске асырғаннан кейін мемлекет дамудың келесі деңгейіне көтеріледі. Және, үшіншіден, 2050 жылға дейінгі даму жоспары және көлденең оқиғаларға алдын ала дайын болу арқылы Қазақстан табысқа жетпек. Бұның бәрі қанаттандырады.

Хабар 24 телеарнасы