389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында сотталғандардың тұрғылықты мекені қатаң бақылауға алынды

  • 507
Қызылорда облысында сотталғандардың тұрғылықты мекені қатаң бақылауға алынды

Қызылорданы қауіпсіз қалаға айналдыру үшін аймақта кешенді жобалар қолға алынды.

Осы ретте өңірде «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды. Мамандар облыс орталығы бойынша есепте тұрған 560 сотталған азаматтың тұрғылықты мекені мен жұмыс орындарын қатаң тексеріп жатыр. Пробация және жергілікті полиция қызметі өкілдерінен құрылған мобильді топтар, әсіресе тіркеуде тұрған әйелдер мен жасөспірімдерді жіті назарда ұстап отыр. Өткен жылы есепте тұрған сотталушылардың қолымен 29 қылмыс жасалған болатын. Биыл осы тектес заңбұзушылыққа жол бермеу үшін құқыққорғаушылар күшейтілген кестеге сай қызмет атқаруға көшкен.

Айнұр Пірімова, қалалық пробация қызметі бөлімі бастығының орынбасары:

– Егер сотталғандар тексеру барысында үйінде болмаса, келесі күні қалалық пробация бөліміне шақырып, түсінігін аламыз. Еш себепсіз үйінде болмаған жағдайда тәртіптік шара, ескерту беріледі. 2-3 рет үйінде себепсіз болмаса, түзету мекемесіне жіберу жөнінде сотқа ұсыныс береміз.

Хабар 24 телеарнасы