389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда атақты дирижер құрметіне көрме ашылды

  • 1061
  • UPD: 12:21, 26.02.2018

Алматыда Халық әртісі, «Отан», «Парасат» ордендерінің иегері, кәсіби дирижер Шамғон Қажығалиевтің 90 жылдығына арналған көрме ашылды.

Онда дирижердің көзі тірісінде пайдаланған заттары мен ерен еңбегі үшін алған марапаттары қойылған. Сонымен қатар нотаға түсірген партитуралары жинақталып, кітап болып басылыпты. 1969 жылы жарық көрген музыкалық туындылары аудиодиск форматында қайта шықты. Оған Шамғон Сағаддинұлының 26 музыкалық туындысы кірген. Аталған шаралар «Қажығалиев әлемі» атты апталық аясында ұйымдастырылып жатыр. Дарын иесінің құрметіне арналған шара  27  ақпанға дейін жалғаспақ.

Естеріңізге сала кетейік, Шамғон Қажығалиев – Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрін Ахмет Жұбановтан кейін 40 жыл басқарып, оның әлемге танылуына зор үлесін қосқан тұлға.  

Нұрғиса Дәуешов, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің директоры:

- 26-сы күні Абай атындағы опера және балет театрында гала концертіміз өтеді. Бұл кешке үлкен майталман Шамғон ағамызбен үзеңгілес болған әріптестері және сол кездегі жас буын өкілдері ішінен жұлдызды тұлғаларымызды шақырып отырмыз. 27-сі күні «Шамғон шәкірттері» атты Құрманғазы оркестрінің залында қорытынды концертімізбен тәмамдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы