383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы ет өңдеу комбинаты Иранға 40 тонна қой етін экспорттады

  • 727
  • UPD: 09:25, 26.02.2018
Оралдағы ет өңдеу комбинаты Иранға 40 тонна қой етін экспорттады

Оралдағы ет өңдеу комбинаты Иран еліне өз өнімдерінің кезекті партиясын жөнелтті.

Бұл жолы шетелдік кəсіпкерлер 40 тоннаға тарта тоңазытылған қой етін жүк көліктеріне тиеді. Былтыр өңірдегі ет өңдеумен айналысатын кəсіпорындар шет мемлекеттерге мың жарым тоннадай сиыр етін экспорттаған. Жаңа комбинатта жылына 10 мың тонна сиыр жəне қой еті өңделеді. Дайын өнімнің басым бөлігі өзге елдерге шығарылады. Батыс Қазақстан облысы ет экспорты жөнінен еліміз бойынша көш бастап тұр. Малды сою мен етті экспортқа дайындауға байланысты барлық технологиялық үрдіске үш күндей уақыт жұмсалады. Мамандардың айтуынша, вакуумды қаптамалардағы мұздатылған ет бір жылға дейін сапасын жоймайды. Комбинат тәулігіне 700-дей ірі қара мен 200 бас қой союға қауқарлы. Келешекте Иран елінен бөлек Ресей мен Қытай нарығына да ет экспорттау  жоспарда.  

Фарух Бехташ, Ветеринар дәрігер, /Иран Ислам Республикасы/:

- Соңғы бірер айда біз қазақстандық ет комбинаттарынан Иранға 3 мың тоннаға тарта ет жөнелттік. Соның ішінде оралдық кәсіпорыннан 250 тонна дайын өнім экспортталды. Мен Еуропаның бірнеше мемлекетінен және Үндістан, Бразилия, Австралия секілді елдерден ет сатып алдым. Бірақ ең сапалы ет осы Қазақстанда екеніне көзім жетті. Сонымен қатар мұнда өндіріс жағдайы да өте қолайлы.

Хабар 24 телеарнасы