389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулық судьялар қарттарға құрмет көрсетті

  • 1213
  • UPD: 09:51, 26.02.2018
Ақтаулық судьялар қарттарға құрмет көрсетті

1 наурыз Алғыс айту күні қарсаңында ақтаулық судьялар облыстық қарттар үйіне барып, қарияларға құрмет көрсетті.

Мерекелік дастархан жайып, концерттік бағдарлама ұсынды. Өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек ардагерлеріне сый-сияпат жасалды. Айта кетейік, 25 жылдық тарихы бар мемлекеттік мекемені жүзге жуық қарт паналап отыр. Барлығы да әлеуметтік қызмет түрлерімен қамтылған. Кездесу аясында қариялар судьялармен тілдесіп, жекелеген мәселелерінің заңмен шешілуіне қатысты кеңестер алды.   

Сәуле Өмірболатова, Маңғыстау облыстық сотының судьясы:

- Қазақ халқы әрдайым қазыналы қартын сыйлаған. Ұлтымыздың осы бір ерекшелігін жаңғыртып, жастарға үлгі болсын деген ниетпен қарттар үйіне жылда арнайы келеміз. Мерекелік концерт қойып, қариялардың көңілін аулаймыз. Қажетінше, заңдық тұрғыдан кеңестер беріп, жеке мәселелерінің шешілуіне атсалысамыз.

Таисия Богородская, қала тұрғыны:

- Біз секілді қарттарды ұмытпай, жылда арнайы келіп тұратын сот қызметкерлеріне ризамыз. Көпшілігіміз денсаулығына байланысты өз бетімен еркін жүре алмайды. Осындай сәтті пайдаланып мамандардан ақыл-кеңестер алып тұрамыз.

Хабар 24 телеарнасы