384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейлік оқушылар тұрғын үйді жылытудың тиімді жобасын ойлап тапты

  • 1175
  • UPD: 15:52, 28.02.2018
Семейлік оқушылар тұрғын үйді жылытудың тиімді жобасын ойлап тапты

Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары тұрғын үйлерді жылытудың тиімді жобасын ойлап тапты.

Жас ғалымдар бұған бір жылдан астам уақытын сарп етіпті. Олар Пельтье элементін пайдалана отырып, жартылай өткізгіштерді тұрмыста қолдану арқылы жер үйді көмірсіз де жылытуға болатынын дәлелдеп отыр. Яғни экологиялық таза энергия көзі ғана емес, сонымен қатар отбасының қаражатын үнемдейтін құрылғы. Сусорғыш арқылы радиаторға келген суды тұрмыстағы басқа мақсаттарға қолдануға болады. Бұл жұмыс Білім және ғылым министрлігінің арнайы өткізген байқауында күміс медальмен марапатталыпты.

Жансая Қанағатова, Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы:

- Көмірдің 1 тоннасы шамамен 10 мың теңге болады, 60 мың теңге жұмсайсыз. Ал біздің Пельтье элементінің тиімділігі неде? Біздің есептеулер бойынша, 50 шаршы метр бөлмеге 8 пельтье элементі жеткілікті. Жалпы 7200 теңге кетеді. Сонымен қатар біз тікелей электр энергиясын қолданамыз және электр энергиясының бір күнгі тарифі 10 теңге деп есептегенде, 3571 теңге қаражат жұмсалады. Барлығын қорытындылай келе сіздің кететін қаражат – 10771, шамамен 11 мың теңге. 60 мың теңгеге қарағанда 6 есеге тиімді болып келеді.

Хабар 24 телеарнасы