386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының жолдауы Грузияда қызу талқыланды

  • 435
  • UPD: 11:25, 26.02.2018
Елбасының жолдауы Грузияда қызу талқыланды

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауы Грузияда үлкен қызығушылық тудырды.

Саясаттанушы Бадри Начкебияның айтуынша, Қазақстанның алға қойған жоспарына қарап олар тек аймақтық емес, халықаралық аренада маңызды ойыншыға айналатынына еш күмәнім жоқ дейді.

Бадри Начкебия, саясаттанушы:

- Қазақстан – біздің аймақта алдыңғы қатардағы мемелекет. Және өте мықты ел. Басты мақсаты – дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру. Бұл жүзеге асатын өр мақсат. Себебі сіздердің көшбасшыларыңыз беделді әрі көреген саясаткер Нұрсұлтан Назарбаев. Менің ойымша, жақын арада осы жолдаудағы тапсырмалар орындалып, Қазақстан халықаралық аренада маңызды ойыншыға айналары сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы