386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Air Astana Лондонға күн сайын қатынайтын болады

  • 546
  • UPD: 12:01, 26.02.2018
Air Astana Лондонға күн сайын қатынайтын болады Kursiv.kz

Air Astana Астанадан Лондонға 2018 жылдың 1 маусымынан бастап күн сайын ұшатын болады.

Жаңа жиіліктер сәрсенбі және жұма күндері қосылады.

Рейс КС 941 сәрсенбі күні Астанадан сағат 14:35-те (жергілікті уақытпен) ұшып кетеді, Лондонға сағат 16:40-та (жергілікті уақытпен) ұшып келеді.

Рейс КС 942 сәрсенбі күні Лондоннан сағат 17:55-те (жергілікті уақытпен) ұшып кетеді, Астанаға келесі күні сағат 05:20-да ұшып келеді (жергілікті уақытпен).

Рейс КС 941 жұма күні  Астанадан сағат 12:35-те (жергілікті уақытпен) ұшып кетеді, Лондонға сағат 14:45-те (жергілікті уақытпен) ұшып келеді.

Рейс КС942 жұма күні Лондоннан сағат 18:05-те (жергілікті уақытпен) ұшып кетеді, Астанаға келесі күні сағат 05:30-те ұшып келеді (жергілікті уақытпен).

 «Бұл сұранысы мол және Қазақстан мен Ұлыбританияны байланыстыратын рейсті күнделік етіп жасағанымызға қуаныштымыз, – деді Air Astana президенті Питер Фостер. – Лондонның маңызы іскер адамдар мен туристер үшін күннен-күнге өсіп келеді. Және бұл әуе компания үшін стратегиялық тұрғыдан қолайлы сәтінде болып жатыр, өйткені біз IPO-ға шығуды жоспарлап отырмыз».

Лондонға рейстер «Боинг-757» ұшағымен орындалады. Әуе билеттерінің бағасы эконом-класта, барлық алымдармен, тек сервистік алымды қоспағанда 211 682 теңгеден басталады.

Билеттерді airastana.com сайтында, билет сату кеңселерінде және 8 (7172) 584477 телефон арқылы сатып алуға болады, деп хабарлайды Air Astana баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы