384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде трамвай тоқтады

  • 499
  • UPD: 17:01, 27.02.2018
Өскеменде трамвай тоқтады Казинформ

Өскемендіктер әне-міне тоқтайды деп жүрген трамвай ақыры жұмысын тоқтатты.

Трамвай паркінің бүгінге дейін электр энергиясына қарызы 70 миллион теңгеге жеткен. Сондықтан  аймақтағы, энергетикалық монополист компания,  кәсіпорынды қуат көзінен ажыратты. Кеше трамвай паркінің үш подстанциясының біріне электр энергиясын беру шектелді. Соның салдарынан №3 трамвай толық желіден шықты. Бұл бағытпен қаладағы жолаушылардың 30 пайызы қатынап келген. Ал бүгін орталық көшемен жүретін №1 және №3 трамвай да тоқтады. Шаһар әкімдігі желіден шығарылған трамвай бағыттарына бірнеше автобусты қосты.

Анатолий Успенский, трамвай паркінің директоры:

- Біздің мекеме соңғы 6 жылда қиын жағдайда жұмыс істеп келеді. Ең бастысы, жұмысшылардың еңбекақысына қарызымыз жоқ. Дегенмен бізде кәсіпорынды дамытуға арналған бизнес жоспарымыз бар. Бірақ бізге атқарушы билік тарапынан ешқандай қолдау болмай отыр. Жекеменшік және мемлекеттік серіктес болып жұмыс істеуге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы