388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда «Менің елім – менің тағдырым!» мерекелік фестивалі өтіп жатыр

  • 819
  • UPD: 11:56, 01.03.2018

Бүгін Алғыс айту күні.

Осы датаға орай Қарағандыда «Менің елім – менің тағдырым!» атты мерекелік фестиваль өтіп жатыр. Шаһардағы «Достық» үйінде ұйымдастырылған мерекелік шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік мекемелер мен саяси партиялар және жастар ұйымдары атсалысты.

Бүгінгі мерекені әсіресе аймақтағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері ерекше көңіл-күймен атап өтіп жатыр. Мұнда түрлі ұлт өкілдерінің билері сахналанып, әндері шырқалуда. Сондай-ақ шара барысында қолөнер шеберлерінің көрмесі де ұйымдастырылған. Жалпы Қарағанды облысында 70-тен астам этномәдени орталық бар. Оның өкілдері аймақтағы татулық пен ынтымақтастықты нығайту жолында бірқатар жұмыстар атқарып жатқандарын да айта кету керек. Оның ішінде мәдени іс-шаралардан бөлек өңірде шағын қалашықтар тұрғызып, қарапайым халыққа жұмыс көзін ұсынғандарды ұмытпаған жөн. 

Бүгінгі Алғыс айту күніне арналған мерекелік шаралар қала кітапханаларында, мәдениет үйлерінде кең ауқымда тойланып жатыр.

Авторы: Айнұр Әбдиева

Хабар 24 телеарнасы