388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылықтар Алғыс айту күнін тойлау үшін Достық үйіне жиналды

  • 1312
  • UPD: 11:57, 01.03.2018

Алматыда Алғыс айту күніне орай «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» фестивалі ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шараға қаладағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, тарихшы ғалымдар мен студенттер қатысып жатыр.

Алғыс айту күніне арналған фестиваль жылдағы дәстүр бойынша Алматының Достық үйінде өтіп жатыр. Таңертеңнен бастап этномәдени бірлестіктер мерекелік көрме ұйымдастырды. Мұнда  ұлттық ас мәзірі, киім-кешек және қолөнер бұйымдары қойылған. Сондай-ақ кітап көрмесі де ашылған. Әншілер мен бишілер  «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты фестивальдің көрігін қыздыруда. Үлкендер болса өскелең ұрпаққа бүгінгі күннің мән-мағынасын түсіндіріп жатыр.  Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ халқы көрсеткен мейірімділіктің, барымен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстанға еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына деген тағзымының белгісі. Бүгінде бұл мереке өзге мерекелердің қатарынан лайықты орын алып отыр. Фестивальді жезтаңдай әнші Роза Рымбаева «Қазақ елі» әнімен қорытындылайды.

Авторы: Ұлан Нарынбек

Хабар 24 телеарнасы