389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Анатолий Трегуб: Қазақ халқына рақмет

  • 487
  • UPD: 11:19, 02.03.2018

Еліміздегі алғыс айту күні шетелдіктерге жақсы таныс. Қонақжай қазақ халқының ерекшеліктері жайлы өзге елдің азаматтары да сағына еске алады.

Мәселен, Ұлы Отан соғысы басталғанда қазақ жеріне түрлі ұлттың өкілдері қоныс аударған. 500 мыңнан астам адам Украина, Беларусь, Молдова және Мәскеу мен Ленинград қалаларынан көшіп келді. Анатолий Иванович ғұмырының басым бөлігін Қазақстанда өткізген. Алты жасында Жамбыл облысына табан тіреген ол, балалық шағын сағынып еске алады. Шешесі екеуі пойызбен белгісіз бағытқа бет алғаны арада 70 жылдан астам уақыт өтсе де көз алдында сайрап жатыр. Ал тоғыз жыл бұрын Ресейдегі балаларының қасына қоныс аударыпты. 

Анатолий Трегуб:

- Соғыс кезінде малымызбен қоса көштік. Майдан даласына айналған Украинада қайдағы баспана. Сондықтан Қазақстанға бет алдық. Қазақстанда адамдар бізді қамқорлығына алды, өсірді, оқытты, тәрбие берді. Қолынан дәм татқан адамдарға қалай алғыс айтпайсың? Қазақ халқына рақмет.

Хабар 24 телеарнасы