389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық оқушылар робототехника көмегімен ерекше құрылғылар ойлап тапты

  • 1341
  • UPD: 09:33, 03.03.2018

Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия шәкірттері арнайы жабдықталған кабинетте үйірме ашқан.

Сөйтіп автоматтандырылған машиналар мен адам өміріне қатерлі жұмыстарды атқаратын құлтемірдің шағын моделін құрастырады.

Гимназия шәкірттері құрастырған техникалардың барлығы да бала қиялынан туғанымен ерекше ізденістің жемісі. 10-сынып оқушысы Алпамыс Сүйінғалиев ойлап тапқан роботқа өздері «Тазалықшы» деп ат қойыпты. Ол – бөлме тазалағыш қондырғының шағын көшірмесі. 

Алпамыс Сүйінғалиев, гимназия шәкірті:

– Мұны тәжірибе жүзінде көрсетсек, ол бірінші оң аяғымен сосын сол аяғымен жұмыс жасау арқылы және алдындағы күрекшемен қоқыстарды тазалайды. Артындағы екі моторы дөңгелек, ол еденді жуу арқылы кабинетімізді тазалайды. Мұны болашақта үлкейтіп, аулалардың қоқыстарын тазалайтын үлкен робот жасаймыз.

Спортты жаны сүйетін талапты шәкірт Ақылбек Мұратовтың да робототехникадағы жетістігі айтарлықтай.

Ақылбек Мұратов, гимназия шәкірті:

– Бұл – гимнастика роботы. Ол адамның айналып, турниктегі әр түрлі қимыл әрекеттерін қайталайды. Мен бұл робот арқылы адам істей алмайтын істерді көрсетіп, таңғалдырғым келеді. Бұл жай ғана детальдан тұрса, болашақта адамның қол сүйегі, дене бітімін моторға айналдырып көрсеткім келеді.

Қазір мұнда 40-қа жуық жас талап ғылыми жұмыспен айналысып жатыр. Олар осы уақытқа дейін 6 робот қондырғы қрастырған. Келешекте үйірме кеңейтіліп, ғылыми орталыққа айналдырылмақ. Себебі оқушылар арасында робототехникамен достасқысы келетіндердің саны күн санап артып келеді. «Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 2 миллион теңге қаралып отыр», – дейді гимназия басшылығы.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы