386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысының дарынды жастары танымал күйшілерден дәріс алды

  • 1090
  • UPD: 16:27, 03.03.2018

Ертіс-Баянауыл өлкесінің дарынды жастары Арқаның күйшілік дәстүрін жетік меңгерген.

Олардың қатарында атақты ақын-композитор Естай Беркімбаев пен күйші Рүстембек Омаровтың ізбасарлары бар. Павлодар облысының жас домбырашыларына шеберлік сабағын өткізген Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының білікті ұстаздары осылай дейді. Шараға жергілікті музыкалық оқу орындары мен алыс ауылдардан келген жүздеген домбырашы қатысты. Білікті мамандар оқушылардың қарым-қабілетімен танысып, орындаушылық шеберлігін шыңдады. Күй шертудің түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Осылайша 60-тан астам оқушы мен оқытушы танымал күйшілермен тәжірибе алмасып, мәдени байланыс орнату мүмкіндігіне ие болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған игі шара үш күнге жалғасты.

Ержан Жаменкенов, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының докторанты, күйші:

– Жалпы Арқада әншілік дәстүр кеңінен дамыған. Сол себепті күйшілік өзі бәр әуені бар, бір әндетіп тұрады. Павлодар – әмбебап өлке. Яғни Қостанай, Ақтөбе жақын болғандықтан, жыр-күйшілік лебі есуі заңды.

Ахмеди Ахат, оқушы:

– Менің ойымша, көзбен көріскен жақсырақ және өзіңе пайдалы. Ал ғаламтор арқылы қызықсыз.

Хабар 24 телеарнасы