378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда көне жазбалардан тұратын «Аманат» кітабы жарық көрді

  • 687
  • UPD: 14:54, 03.03.2018
Қарағандыда көне жазбалардан тұратын «Аманат» кітабы жарық көрді

Қарағандыда бір ғасыр бұрын жазылған қолжазбалар жинақталып, кітап болып басылып шықты.

Мұнда өткен замандағы шариғат ұстындары мен жыр толғаулар топтастырылған. 1961 жылы Мәскеу делегациясының құрамында Меккеге қажылыққа барған жалғыз қазақ Қажыбай Мәндібайұлының Алаш арысы Жақып Ақбаевтың адьютанты, адвокат Қоқым Алшымбекұлының естеліктері және Нұржан Шоңұлы, Қалижан Жандығұлұлы, Дүйсенбай Манайұлы секілді ескіліктегі ақындардың өлеңдері бар. Кітап «Аманат» деп аталады. Қадымша жазылған көне жазбаларды Шабанбай би ауылының имамы Айдаржан Хасенов аударған. Редакторы – белгілі қаламгер, ақын Серік Сағынтай. Бұл құнды деректерді осы күнге дейін көне жазбаларды жинаған оқымысты Қалижан Жандығұлұлының ұрпақтары сақтап келіпті. Шығармаларды оқи отырып, сол дәуірде қазақ қоғамында болған жағдайларды, діни-әлеуметтік ахуалды саралауға болады. «Бұл кітап қазақ әдебиетінің тарихына тың хрестоматиялық үлес қосады», – дейді авторлар.

Айдаржан Хасенов, кітапты құрастырушы:

– Кітаптың тәрбиелік мәні зор. 40 жыл бойы сақталып келген сыр сандықтың ішінен шыққан кітаптар мен дәптерлер бар. Көпшілік қауым оқысын, білсін деп арнайы осы кітапханаға келіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы