383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО шаруалары қалмақ сиырын өсірумен айналысады

  • 550
  • UPD: 17:27, 03.03.2018

Шығыс Қазақстандағы шаруашылықтар қалмақ сиырларын өсірумен айналыса бастады.

Семейдің іргесіндегі агрофирма 180 бас ірі қараны жақында Ақмола облысынан сатып әкеліпті. Ертедегі қалмақтың көшпенді тайпалары шығарған бұл тұқым 400 жылдан бері негізінен Ресейдің Сібір және Еділ бойында кең таралған. Ет бағытындағы асыл тұқымды малға деген қызығушылық біздің елде де артып отыр. Өйткені қалмақ сиырлары қыста едәуір салмақ тастағанымен, бұзауын жоғалтпайды. Әрі жазғытұрым көк шыққанда тез қалпына келетін қасиеті бар. Семейлік фермерлер болашақта мал басын көбейтіп ғана қоймай, оны қазақтың ақ бас тұқымымен будандастырып көруді жоспарлап отыр. 

Мұхит Тұмабаев, шаруашылық жетекшісі: 

- Ит-құсқа бермейді бұзауын да, өзін де бұл мал. Сонан кейін өте төзімді, аяқтары мықты, алысқа баруға болады. Сондай плюстері бар. Бірақ әрине Қазақстан бойынша бұлар аздау. Ал негізінде Ресей мемлекетінің Сібір жақтарының бәрі осы малды бағады. Бұл өте пайдалы ғой. Біздің кей кезде Шығыс Қазақстанның қыстары қиын болады. Ал бұған көп тамақ керегі жоқ. Ол өзін өзі алып шығады, бұзау береді. Ал бізге керегі сол.

Хабар 24 телеарнасы