389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы пәтер өртінен адамдарды құтқарған құрылысшылар ерлігі ескерілді

  • 467
  • UPD: 21:27, 03.03.2018
Елордадағы пәтер өртінен адамдарды құтқарған құрылысшылар ерлігі ескерілді

Астанадағы тұрғын үй кешенінің бірінде өрттен үш баланы құтқарған құрылысшылардың еңбегі елеусіз қалмады.

Бүгінгінің батырларын Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев марапаттады. Шаһар басшысы құрылысшы жігіттердің әрқайсына «Белсенді азамат» ескерткіш мүсіні мен алғыс хат және 200 мың теңгеден ақшалай сыйақы табыстады. Ал басын қатерге тігіп, балаларды аман алып қалған Руслан Жалбақов, Жасұлан Байсейітов, Ақылбек Жақайымов, Руслан Беріков және Әділбек Дағыстанның бұл жасаған ерлігін әлеуметтік желі қолданушылары да ерекше бағалап, алғыс айтып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Nova City тұрғын үй кешенінің балконында өрт тұтанып, оны көрген құрылысшылар өрт сөндірушілердің келуін күтіп отырмастан шұғыл әрекет етіп, көк түтін мен жалынның ортасында қалған балақайларды төменгі қабатқа өз қолдарымен түсіріп, ерлік жасады. 

Жасұлан Байсейітов, құрылысшы:

Хабар 24 телеарнасы