386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да ана мен бала өлімі республикалық деңгейден жоғары болып тұр

  • 690
  • UPD: 21:35, 03.03.2018

Солтүстік Қазақстанда «Денсаулық» бағдарламасының жүзеге асырылуы мардымсыз.

Бұл туралы облысқа жұмыс сапарымен барған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, өңірде өлім-жітім деңгейі республикалық көрсеткіштен 44 пайызға жоғары. Әсіресе қан айналымы жүйесінің аурулары асқынып тұр. Оларды емдейтін мамандар да жоқ. Қазір облыс бойынша 240 дәрігер жетіспейді. Денсаулық сақтау министрі аймақтың ақ халаттыларымен жүздесіп, осындай өткір мәселелерді бірге талқылады. 

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Өңірде ана өлімі республикалық орташа деңгейден 18, ал бала өлімі 13 пайызға жоғары. Адамдар кәріліктен емес, алдын алуға болатын аурулардан көз жұмып жатыр. Бұл біз бен сіздің медициналық көмекті дұрыс ұйымдастыра алмай отырғандығымыздан. Сондықтан денсаулық сақтау басқармасының басшылары бас дәрігерлермен бірге бір айдың ішінде «Денсаулық» бағдарламасының жоспарын жасақтауды тапсырамын.

Хабар 24 телеарнасы