384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық оқушылар электронды домбыра жасап шығарды

  • 1255
  • UPD: 11:31, 04.03.2018

Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары өзі ойнайтын электронды домбыраны ойлап тапты.

Айта кету керек, бұл екі шекті аспап Қазақстан бойынша алғашқы түпнұсқа болып саналады. Ұлттық аспап адамның көмегінсіз-ақ өзі күй ойнай алады. Аталмыш жобаны құрастыру үшін оқушылар небәрі 1 күн жұмсаған. Ал бағдарламаны іске қосуға 1 апта уақыт кеткен. Әзірге бұл дайын домбыра қазақтың «Еркемай» күйін орындайды. Алдағы уақытта оқушылар бағдарламаға жаңа күйлерді енгізбек.

Ерасыл Тұраров, 10 сынып оқушысы:

- Домбыра біздің, қазақ елінің рухани байлықтарымыздың бірі деуге болады. Домбырада бұрыннан бері ата-бабаларымыз ойнап жүрген. Сондықтан жастарға рухани жаңғырту кілті ретінде көрсететін болсақ, қазақ елін алға жетелейтін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы