384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында халық мемлекеттік нысандар құрылысын бақылай алады

  • 551
  • UPD: 07:45, 05.03.2018

Маңғыстау облысының кез келген тұрғыны мемлекеттік қазынадан бөлінген қаржыға бақылау жасап, әрбір тиынның тиімді жұмсалуын қадағалай алады.

Ақтауда «Қоғамдық бақылау картасының» жобасы таныстырылды. Бұл істі жүзеге асыру үшін әр ауданнан арнайы мониторингтік топ құрылды. Оның құрамында қарапайым тұрғындар, қоғам белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Олар балабақша, аурухана сияқты мемлекеттік нысандардың құрылысы мен автожолдардың сапасын тексеріп, жұртшылыққа жариялап отырады. Жоба аясында мемлекеттік орган мен халық арасындағы байланысты арттыру үшін әлеуметтік желілерде арнайы парақшалар ашылып, уотсап желісі іске қосылады. Тұрғындар қандай да бір жемқорлық дерегіне немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен мемлекеттік қызметшілердің әдебіне қатысты сауалдарын осы байланыс желілеріне жолдап, хабарлай алады. 

Жақсыгүл Маханбетова, арнайы мониторинг тобының төрайымы:

- Стратегия бар 2015-2025 жылдарға деген. Оның өз бағыттары бар. Сол бағыттар бойынша әрбір мемлекеттік органның өзінің іс-шаралық жоспарлары жасақталған. Ал мына мониторингтік топ сол жоспарлаған іс-шаралары нақты жүзеге асырылып жатыр ма әлде тек ғана қағаз жүзінде өтіп жатыр ма, олардың атқарған іс-шаралары қоғамның санасын өзгертуге ықпал етті ме, қандай да бір жетістікке жетті ме, міне біз соған талдау жүргіземіз.

Хабар 24 телеарнасы