386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында ешкі өсіруге субсидия септігін тигізіп тұр

  • 986
  • UPD: 07:46, 05.03.2018

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығына бөлінген субсидия көлемі 9 миллиард 500 млн теңгеге жетті. Бұл саланы дамыту өңірдің негізге міндетінің біріне айналған. Шаруалар әсіресе мал басын көбейтуді көздейді.

Шаруашылықта жүзден астам ұрғашы ешкі бар. Қазір олардың төлдейтін кезі. Жұмысшылар күндіз-түні жануарларға жағдай жасап, лақтарын қолдан қоректендіруде. Нубий мен заанен тұқымының ешкілері күніне 5-7 литр сүт береді. Мемлекет тарапынан оның әр литріне 60 теңгеден көмекақы қарастырылған. Ал шикізатты өңдеу үшін кәсіпкер 12 миллион теңгеге арнайы құрылғы сатып алған.

Амантай Үмбетбай, ауылшаруашылық кооперативінің жетекшісі:

- Үкімет тарапынан 30 пайыздың шамасында субсидия берілді. Ол 30 пайызды осы бізге несие берген ұйымға сол берген субсидияны үстіндегі үстемақысы есебінде жабылды. Және де сол несие берген организацияның үстемақысының 6 пайызын үкімет қолдап, сол жабылды.

Емдік қасиеті мол ешкі сүтінен шаруашылық қымыз ашытып, сүзбе жасайды. Болашақта бұқтырылған етті де саудаға шығаруды көздеп отыр. Бұл мақсатта қосымша тағы инвестициялық субсидия алу қажет. Жалпы ақтөбелік шаруалар мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай қолдаудың қомақты екендігін алға тартады. Тек өткен жылдың өзінде осы бағдарлама бойынша 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

Асылхан Әбтиев, облыстық ауылшаруашылығы басқарамасы басшысының орынбасары:

- Инвестициялық субсидиялар арқылы шаруашылықтар техникасын жаңарту немесе қайта өңдеу зауыттарын ашу жұмыстарын жалғастырып жатыр бізде. бұдан басқа мал шаруашылығына келетін болсақ, асыл тұқымды мал шаруашылығы жақсы алынып отыр. Егіншілік саласында бізде тұқым шаруашылығы, минералды тыңайтқыштар көлемі жылдан жылға өсіп келе жатыр.

Мал шаруашылығын қолдау мақсатына былтыр 5 миллиард 700 миллион теңге бөлінді. Ал егін шаруашылығына 1 миллиард, 300 миллион теңге берілді. Шаруалар төрт түлікті асылдандырып, диқандар тұқым сапасын арттыруға мүмкіндік алды. Жалпы еліміз бойынша да бұл көрсеткіш өткен жылы 18 пайызға артты. Үкіметтен бөлінетін субсидияның 65 түрі жүзеге асырылуда. 2017 жылы агроөнеркәсіп кешеніне 260 миллиард 500 миллион теңге бөлінген.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов

Хабар 24 телеарнасы