445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да көлік қозғалысы қалыпқа келтірілді

  • 798
  • UPD: 14:47, 05.03.2018

Батыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты бірқатар жолдар жабылды.

Мәселен, Орал-Атырау және Чапаев-Казталовка-Ресей Федерациясы шекарасына апарар жолдарға шектеу қойылды. Себебі таяуда жауған жауыннан кейін көлік жолдары мұз айдынына айналған. «ҚазАвтоЖол» мекемесінің мәліметінше, түні бойы 7 арнайы техника 500 шақырымдай жолға 150 тоннадан астам тұз аралас құм сеуіп шыққан. Нәтижесінде таңсәріде көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Дегенмен, төтенше жағдай департаментінің мамандары бұрылыстар мен қиылыстарда барынша сақ болуды ескертеді. Құбылмалы күн райы таяу тәуліктерде де сақталмақ.

Марс Отаров, облыстық ТЖД бөлім басшысы:

- «Қазгидромет» берген мәліметі бойынша 5-7 наурыз аралығында жалпы республиканың бірнеше облысында, соның ішінде Батыс Қазақстан облысында ауа райы 0-7 градусқа дейін жетуі ықтимал. Соған байланысты еріген қар суынан елді мекендерді қорғау мақсатында бірқатар шаралар қабылдануда.

Хабар 24 телеарнасы