385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде жаңа жедел жәрдем бекеті ашылды

  • 914
  • UPD: 18:57, 05.03.2018

Бұл – мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асқан ірі жобаның бірі.

Шетелдік компанияға сенімгерлік басқаруға берілген жедел жәрдем қызметі жаңа заман талабына сай болады.

Соңғы 2 жыл ішінде облыстық жедел жәрдем қызметіне су жаңа 34 автокөлік алынған. Олардың барлығы CALL-орталығымен тікелей байланыста болады. Көліктерді онлайн-режимде 25 диспетчер бағыттап отырады.

Жедел жәрдем бекетінде қызметшілер үшін барлық жағдай жасалған. Демалыс бөлмелері мен асхана 24 сағат үздіксіз жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Ал ғимараттың автотұрағы 38 көлікке есептеліп жасалған. Жалпы шетелдік инвестор бұл жобаға үш жарым миллиард теңге қаражат қосқан. Түрік компаниясы мен жергілікті билік 2016 жылы серіктестік туралы келісімшартқа қол қойған болатын. Сол кезден бері жедел медициналық жәрдем жекеменшік мекемеге сенімгерлік басқаруға берілген. Инвестор қызмет көрсетіп қана қоймай, материалдық техникалық базасын нығайтуды қолға алды.

Әріптестік аясында бүгінгі жаңа бекеттен бөлек қосымша тағы 3 ғимараттың құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Ал жедел жәрдем қызметі бір орталықтан басқарылатын болады.

Жаңа жүйе өңірдегі барлық медицина мекемесімен және Денсаулық сақтау министрлігімен тікелей байланыста болуға мүмкіндік береді.

Авторы: Мансұр Есқожин

Хабар 24 телеарнасы